Қазақстан Елшісі FOREF президентімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Братислава, 2025 жылғы 19 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Еуропадағы Діни бостандықтар форумының (FOREF) президенті, Еуропалық одақтың ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және наным бостандығын ілгерілету жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ян Фигельмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның мультимәдениеттілікті дамыту, қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған саясатын талқылады.

Әңгіме барысында Я.Фигельге 2025 жылғы 17–18 қыркүйекте Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне ресми шақыру табысталды.

FOREF президенті шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Қазақстанның рухани дипломатияны ілгерілету жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтіп, оны қазіргі сын-қатерлер жағдайында халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалады.  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1054297?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді