
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарын мен қонақтарын Қ.Мұнайтпасов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және Абылай хан даңғылының қиылысында жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты аталған учаске 20 тамыз сағат 23:00-ден 21 тамыз сағат 06:00-ге дейін, сондай-ақ 21 тамыз сағат 23:00-ден 22 тамыз сағат 06:00-ге дейін ішінара жабылады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1054291?lang=kk
Жауап қалдыру