Маңыздылығы туралы қарапайым сөздермен

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 19 тамызында аумақтық ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, мамандандырылған күзет қызметі және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өнірлік филиалының басшылығы мен қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі қағидалары түсіндірілді.

Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:

– бейінді нұсқаулықтармен бекітілген, ұйымдарға әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы                                       14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортына қойлатын талаптар;

– көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;

– терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары;

– штаттық оқ-дәрілер, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;

– террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;

– террористік тұрғыдан осал жекелеген объектілердің практикалық және теориялық сабақтар өткізу кезінде жіберген кемшіліктерінің мысалдары;

– объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын терроризмге қарсы комиссиялармен келісу туралы.

Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1054328?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді