
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Қоғамдық кеңестің қазіргі құрамының қорытынды отырысы өтіп, онда барлық түрдегі қалдықтарды басқару тұжырымдамасының жобасы қаралды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне белсенді қатысқаны және экологиялық күн тәртібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отырыста ЭТРМ құрылымдық бөлімшелердің басшылары, «Жасыл Даму» АҚ, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ өкілдері мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Модератор қызметін «НТП Kazecotech» ЖШС директоры В.И. Андреев атқарды.
Жоба бойынша бас ғылыми кеңесші С. Кожевников Тұжырымдаманың негізгі ережелерін таныстырды. Кеңес мүшелері құжатты талқылап, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, әртүрлі қалдық түрлерін басқаруда бірыңғай тәсілдің болмауын, қайта өңдеу деңгейінің төмендігін, цифрландыруды дамытудың және экологиялық жауапты бизнесті ынталандырудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыста қалдықтармен жұмыс істеудің қолданыстағы моделін өзгертіп, айналмалы экономика қағидаттарына көшу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қоғамдық кеңес мүшелеріне өз жазбаша ұсыныстарын 2025 жылғы 22 тамызға дейін жолдау ұсынылды. Тұжырымдаманың соңғы нұсқасы уәкілетті мемлекеттік органдарға одан әрі қарау және бекіту үшін жіберілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1054327?lang=kk
Жауап қалдыру