🔷Таза, күтімді және жасыл желекті аула.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

#біздіңполиция
#полицияхалықпен

🔷Таза, күтімді және жасыл желекті аула. Майлин, Амангелді, Урицкий және Победа көшелеріндегі бірнеше үйдің тұрғындары оны қарапайым тілмен «қорапша» деп атайды. Алайда осындай үлгілі ықшам ауданда да полиция мен жергілікті биліктің назарын қажет ететін өзекті мәселелер бар. Дәл осы аулада Қостанай қаласы Полиция басқармасының бастығы Болат Иманов тұрғындармен және мүлік иелері бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

Өтпелі аула — өзекті мәселе

Басты тақырыптардың бірі – жол қауіпсіздігі. «Қостанай-Камқор» Қостанай облысы бойынша мүлік иелері бірлестіктері және жай серіктестіктер қауымдастығының төрайымы Альбина Мухамедьярованың айтуынша, бұл ауданның аулалары өтпелі болып келеді. Көптеген жүргізушілер негізгі көшелердегі бағдаршамдарда тұрмау үшін жолды қысқартып, көп жағдайда жоғары жылдамдықпен аулалар арқылы өтеді. Бұл, әсіресе, балалардың қауіпсіздігі тұрғысынан алаңдатады. Өйткені мұнда №8 мектеп орналасқан, ал аулада мектеп оқушылары мен бүлдіршіндер ойнайды. Тұрғындар көліктердің жылдамдығын мәжбүрлі түрде төмендету үшін жолға жасанды кедергілер орнатуды ұсынды.

Бейнебақылау өз нәтижесін беруде

Бүгінде аулада 10 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, тұрғындардың айтуынша, бұл айтарлықтай нәтиже берді. Нашақорлық заттарын жасыру әрекеттері азайды, күдікті тұлғалар мен оқиғалар саны төмендеді. Бұл аумақта 16 жылдан астам уақыт бойы тұрып жатқан Белай отбасылық жұбы:
«Жыл өткен сайын қауіпсіздік деңгейі артып келеді. Полиция басшылығы бізбен осылай ашық та шынайы жүздесіп отырғанына өте қуаныштымыз. Біздің өтініш-тілектеріміз ескерусіз қалмайды деп сенеміз», – деп бөлісті.

Өзекті қатерлер: алаяқтар мен үй жануарлары

Қала полициясы басқармасының бастығы Болат Иманов тұрғындарға жаңа алаяқтық толқыны жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Ең көп тараған тәсілдердің бірі – коммуналдық қызмет атынан хабарласып, «су есептегішті ауыстыруды» ұсыну. Кейін «тұлғаны растау» сылтауымен SMS-кодты айтуын сұрайды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-ilias-omarov/press/news/details/1054441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді