Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен құқықтық жалпыға бірдей оқыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 шілдеде Айыртау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен кеңес өткізді. Құқықтық жалпыға бірдей оқытуды жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуына ерекше назар аударылды.

Келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер беріліп, нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдерді, бизнес-процестерді және жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1054539?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді