Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Самат Рысбековтың төрағалығымен несие алушылармен және кәсіпкерлермен ашық форматта кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен шаруаларға арналған «Өрлеу» бағдарламасы мен өзге де мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстыру.
Жиынға облыстық қаржы ұйымдарының өкілдері, ауылдық округтерден келген кәсіп иелері, жастар, мәслихат депутаттары және арнайы қаржы ұйымдарынан құралған жұмысшы топ қатысты.
Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасынан Сағи Жұматаев қатысып, кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңінен ақпарат берді.
Жиын еркін сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей сұрақтар қойып, нақты жауап алды.
Кездесу соңында шаруа қожалық төрағаларымен жеке қабылдау өткізіліп, сұрақтарға жауап берілді.
Жауап қалдыру