2025 жылғы 30 тамыз Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы Құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамның, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең жоғары құндылықтары деп жариялайды.

          Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды дикриминациялаудың кез келген түріне тыйым салынады.

          Қазақстан жерінде тұратындардың барлығы еліміздің Негізгі заңын құрметтеуге және сақтауға тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы әрі тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол даму мен тұрақтылыққа, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. 

Құрметті қазақстандықтар, Конституцияның 30 жылдығы күнімен  құттықтаймыз! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз!

 

 

          ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау  комитетінің Жамбыл облысы бойынша  департаментінің ұжымы.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1054607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді