Балалар мен жасөспірімдердегі сүйек-буын туберкулезі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туберкулезбен микобактериясын жұқтырған  баланың қанымен бактериялар басқа ағзаларға – бүйрекке, ми қабықшаларына, теріге, сүйекке, буындарға және т.б. ағзаларға таралуы мүмкін. Алайда бактерия ағзаға түскеннен кейін туберкулез процесі әр жағдайда дамымайды. Бұл көбінесе ағзаның жалпы жағдайына және инфекцияға қарсы тұру қабілетіне байланысты. Жарақат туберкулездің белсенді процесінің дамуына ықпал етуі мүмкін, әсіресе баланың денсаулығы әлсірегенде және ағза инфекцияға тиімді түрде қарсы тұра алмаған жағдайда  микобактериялар жоғары белсенділікке ие болады.

Сүйек-буын туберкулезінің жиілігі бала жасына байланысты: бала неғұрлым кішкентай болса, ауру соғұрлым жиі кездеседі. Уақтылы емделмеген жағдайда, 100% жағдайда мүгедектік дамиды, және ол жас ұлғайған сайын өтелмей, керісінше организмнің анатомиялық және функционалдық ерекшеліктеріне байланысты нашарлайды.

Бастапқы кезеңде туберкулездің жалпы интоксикация белгілері байқалады: тәбеттің төмендеуі, салмақтың азаюы, әлсіздік, шаршағыштық, дене температурасын сәл жоғарлауы. Бұл кезеңде зақымданған ағзада ауырсыну сезілмеуі мүмкін. Ең жиі зақымданатын жерлер: омыртқа, ірі буындар (жамбас, тізе), аяқ-қол сүйектері, төс және қабырғалар.

Омыртқаның зақымдануы кезінде бел немесе іш аумағында анықталмаған ауырсынулар пайда болады, аяқта әлсіздік пен ауырсыну болуы мүмкін. Кейін ауырсыну омыртқаның нақты бір бөлігінде шоғырланады. Бала омыртқасын қорғауға тырысады: еденнен бір нәрсе алу қажет болса, омыртқаға жүк түсірмей отырып алады.

Тізе буынының зақымдануында бастапқыда жеңіл ауырсыну пайда болады, ол бірте-бірте күшейеді. Аяқ арықтап, әсіресе жамбас бөлігінде айқын байқалады. Тізе ине тәріздес  (ортасы кең, ұштары жіңішке) көрінуі мүмкін. Буын үстіндегі тері ашық, бозғылт болады. Ауырсыну аяқты тік созғанда күшейеді, сондықтан бала аяғын жиі бүгілген күйде ұстайды, бұл қалыпты жағдайға айналады.

Уақытылы ем басталса, бұл өзгерістер дамымайды, ал ем жасалмаса келесі асқынулар пайда болуы мүмкін: іріңді абсцесстер, олардың сыртқа жарылуы салдарынан іріңді свищтер, ауыр деформациялар мен функциялық бұзылулар.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дереу дәрігерге қаралу қажет. Тек уақытылы басталған ем ғана ауыр салдарларды болдырмай, толық сауығуға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1054785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді