
2025 жылғы 20 тамызда күні аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова
партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен және Жамбыл ауданының
әкімі А.Б. Бектасовпен бірге Қожаберген жырау атындағы орта мектепке барды.
Мұнда қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі жұмыстар аяқталу сатысында – мектеп жаңа оқу жылына дайын.
Қазіргі таңда мектептің кіреберісін абаттандыру бойынша соңғы жұмыстар
атқарылуда.
Жақында жаңарған мектеп есігін оқушыларға айқара ашпақ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1054986?lang=kk
Жауап қалдыру