Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Іссапар барысында басқарма басшысы Сам ауылдық округіндегі апатты жағдайдағы Сам мектеп-балабақшасы кешенінде және Тұрыш ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде болды. Ол білім беру нысандарының қазіргі жағдайымен танысып, мұғалімдермен пікірлесті.
 
2022 жылдың сәуір айында жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, Сам мектеп-балабақшасы кешені апаттық жағдайда деп танылған болатын. Қазіргі таңда бұл білім ордасының орнына 300 орындық жаңа «Келешек мектеп» ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа мектеп толық заманауи талаптарға сай салынуда және жақын арада пайдалануға берілмек.
 
Сондай-ақ, апаттық жағдайда деп танылған Тұрыш мектеп-балабақшасы кешенінің орнына жаңа нысан салу маселесін пысықтады. Бұл бағытта «Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылында 150 орындық мектеп-балабақша кешенінің құрылысы» бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасауға өтінім жолданатындығын алға тартты. Құжаттама дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен басталатын болады.
 
Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев ауданға сапары барысында аталған жобалардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асуын бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1055027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді