ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту, Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі және Уақытша комиссиялардың мәжілісі өтті. Мәжіліске Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы төрағалық етті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы;
2. «Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы №51/430-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. «Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселе бойынша Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы И.Т. Есжанов, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.О. Оспанов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары М.М. Әбдірахманов баяндама жасады.
Депутаттар алдағы жылыту маусымына қаланың дайындығын жан-жақты талқылады. Қазандықтар мен жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың әзірлігі, отын қорының жеткіліктілігі мен тұрғындарға жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынды. Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер жобалары қаралып, ұсыныстар енгізілді.
Комиссия аталған ұсыныстарды жан-жақты талқылап, мәселені мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында кеңінен қарау жөнінде қаулы қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1055075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді