
Төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы, аудан әкімі Р.А.Анбаевтың тапсырмасымен ағымдағы жылдың 19 тамызында Привольное ауылына кіре берісте су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық аясында еріген су жиналған жерге екі су өткізгіш құбыр орнату жұмыстары жүргізілді. Құбырларды орнату еріген және жаңбыр суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.
Жұмыс ауданда жүзеге асырылған су тасқынына қарсы кешенді жоспар аясында жүргізілді. Мұндай шаралар көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және халықты қорғауға бағытталған!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-novoselovka/press/news/details/1055253?lang=kk
Жауап қалдыру