Жуковка ауылында, Александров ауылдық округінде жаңа цифрлық инфрақұрылым нысаны – Beeline ұялы байланыс мұнарасы іске қосылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сонымен қатар телемост арқылы Қостанай облысының тағы 22 елді мекенінде осындай станциялар жұмысын бастады. Бұл шешім мобильді байланыс қамту аймағын айтарлықтай кеңейтіп, ауыл тұрғындарын заманауи телекоммуникациялық қызметтерге сапалы қолжетімділікпен қамтамасыз етеді.

Өңірде байланыс желілерін дамыту жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы ғана «Cartel» компаниясының жаңа базалық станциялары Қостанай ауданының бес ауылында – Рыбное, Лиманное, Сормовка, Васильевка және Константиновкада орнатылды.

Облыс әкімі цифрлық инфрақұрылымды нығайтудың ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды рөл атқаратынын және халықтың өмір сүру сапасына тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1055285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді