
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», 15 шілде 2025 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бірқатар өзгерістер енгізілді, мысалы, мүліктің меншік иелері бірлестіктеріне қатысты, 51-1, 51-4 бабтарымен толықтырылды.Осылайша, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан үш жыл мерзімге сайланады және үй кеңесінің мүшесі болып табылады.
Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған балалары), ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы, балаларының отбасылары мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы болып сайлана алады.
Одан басқа, 51-4 бабымен, кондоминиум объектісін басқару субъектілері белгіленген. Осы бабқа сәйкес, Кондоминиум объектісін басқару субъектілері
- Кондоминиум объектілерін басқару субъектілері мыналар болып табылады:
1) басқарушы компания;
2) пәтер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі және де пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару субъектілерін таңдауда және ауыстыруда еркін болады.
Кондоминиум объектісін басқару субъектілері өз құрамында “Кәсіптік біліктілік туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектісін басқару саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты бар жұмыскерлер болған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетеді.
Кондоминиум объектісін басқару субъектілері кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметті мүліктің меншік иелері бірлестігімен төрағаның атынан жасалған шарттың немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады.
Аталған өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 355 мүліктің меншік иелері бірлестіктері тіркелген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1055484?lang=kk
Жауап қалдыру