ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ИНВЕСТИЦИЯЛАР, АДАМ РЕСУРСЫ, ҚҰРЫЛЫМДАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті кәсіпкерлер! 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ЕҚДБ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бастамасы аясында жүзеге асырылатын «Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – салалардың болашақ көшбасшыларын қалыптастыруға және жоғары инвестициялық әлеуеті бар қазақстандық кәсіпорындардың қарқынды дамуына жәрдемдесу.

Бағдарлама аясында қатысушыларға келесі құралдар кешені ұсынылады:

* бизнес-процестер мен нарықтағы орнын терең диагностикалау;

* стратегиялық даму бойынша консультациялық қолдау көрсету;

* бизнесті кеңейту үшін инвестиция тартуға жәрдемдесу.

Қатысуға өнеркәсіп секторының жеке меншік қазақстандық кәсіпорындары шақырылады.

Кіріспе кезең ретінде Foresight Camp (Форсайт-кемп) – Қазақстандағы бизнес ортаның даму перспективалары мен жаһандық трендтерді қамтитын стратегиялық болжау бойынша қарқынды оқыту модулі өткізіледі.

📅 Өткізу күндері: 2025 жылғы 13–16 қыркүйек

📍 Өтетін орны: Rixos Borovoe

Бір кәсіпорыннан ұсынылатын қатысушылар саны – 2–3 адам.

Foresight Camp-ке тіркелу:

📧 http://foresight-camp.kz.tilda.ws/

Практикалық сессиялардың қорытындылары бойынша іріктеу критерийлеріне сәйкес келіп, ең перспективалы бизнес-модельдерді ұсынған ТОП-20 компания жеке кәсіпорындарды диагностикалау және инвестицияларды тарту мен басқару бойынша құзыреттерді дамыту бағдарламасына қатысуға шақырылады.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 26 тамызда бағдарлама бойынша Zoom платформасында онлайн-презентация өтеді. Бұл шара барысында бағдарлама мақсаттары, міндеттері және жүзеге асыру кезеңдері туралы толық ақпарат алып, сұрақтар қоюға мүмкіндік болады.

Конференцияға қатысу үшін келесі мәліметтерді knowhowkazakhstan@ebrd.com электронды поштасына жолдауды сұраймыз:

* Компания атауы, БСН

* Байланыс тұлғасы (Аты-жөні), электронды пошта мекенжайы және телефон нөмірі

Ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс:

shpulint@ebrd.com

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1055738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді