
2025 жылдың 1–31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі өтеді. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, ел бойынша шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы санаққа қатысуға шақыру жіберіледі.
Бұл санақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өткізетін 10-шы Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағы бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Санақ еліміздің аграрлық секторындағы нақты әрі өзекті деректерді жинауға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жарты төбе ауылдық округ әкімі аппаратына арнайы барып, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін саралады. Ауылдық округ әкіміне жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Айта кетсек, ауыл шаруашылығы санағы елдің аграрлық саласы туралы нақты әрі өзекті деректерді жинауға мүмкіндік береді. Ол 2 кезеңде жүргізіледі. Атап айтқанда: 2025 жылдың 1 және 31 тамыз аралығында онлайн, екіншісі 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін офлайн сауалнама.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1055733?lang=kk
Жауап қалдыру