Инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі дайын инфрақұрылымның болуы болып табылады.
Ол нысанды салуға кететін уақыт пен шығындарды айтарлықтай қысқартады.
Бүгінгі таңда инвесторларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін әртүрлі мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институты (МЖӘ) бар.
Алайда соңғы уақытқа дейін мұндай механизмді инвестиция көлемі кемінде 15,7 млрд теңге (айлық есептік көрсеткіштің 4 миллион еселенген) жобалар ғана пайдалана алатын.
Бұл талап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инфрақұрылым құрылысына инвестиция салуға дайын әлеуетті инвесторлардың шеңберін тарылтты.
Сондықтан Бас прокуратура Ұлттық экономика министрлігіне инфрақұрылым құрылысына инвестицияның ең төменгі шегін төмендету туралы ұсыныс жасауға бастамашы болды.
Нәтижесінде, 23.08.2025ж. инвестициялар сомасы бойынша талаптарды екі есе азайтуды (7,8 млрд теңгеге дейін) көздейтін түзетулер күшіне енді (Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025ж. №52 бұйрығы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау мен жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы».
Бұл шешім өңірлерде инфрақұрылым салуға, қосымша инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Осы қолдау шарасын алу үшін кәсіпкерлер мен инвесторлар тиісті облыстың жергілікті атқарушы органына хабарласуы қажет екенін хабарлаймыз.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1055926?lang=kk
Жауап қалдыру