
2025 жылғы 20-22 тамыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша коучинг-тренингті күндізгі оқу форматында өткізді.
Тренингке МКД басшылардың орынбасарлары, МКД басқармалары мен бөлімдердің басшылары, МКБ басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ кедендік бекеттердің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық қасиеттер, өзгерістерді басқару және кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру.
Коучинг-тренингті Оқу-әдістемелік орталықтың лекторы – Касымкулова Л.Т., сондай-ақ Орталық аппарат өкілдері – Смагулова Г.А. және Сартаева А.Н. жүргізді.
Оқыту барысында қатысушылар:
- заманауи жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау әдістерімен танысты;
- тиімді коммуникация құралдарын меңгерді;
- мемлекеттік басқарудағы коучинг негіздеріне терең бойлады.
Ерекше назар жобалық жұмысқа аударылды: тыңдаушылар 3 топқа бөлініп, «МКО, МКД және МКБ-ның 5 жылдан кейінгі көрінісі» тақырыбында жобалар әзірлеп, сәтті қорғады. Жобаларда даму бойынша стратегиялық бағыттар ұсынылып, ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізудегі коучингтік тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 44 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы сертификаттарын алды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Оқу-әдістемелік орталық барлық қатысушыларға белсенділік, бастамашылдық және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға дайын болғаны үшін алғыс білдіреді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс кадрлық әлеуетті нығайтуға және мемлекеттік кірістер жүйесіне заманауи басқарушылық тәсілдерді енгізуге әрі қарай да үлес қосатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1056081?lang=kk
Жауап қалдыру