Егіннен өнімге дейін: диқандарға қолдау артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ шаруаларды форвардтық қаржыландыру бағдарламасын жетілдіруге және күнбағысты үшжақты сатып алу жобасын кеңейтуге дайын.

Президенттің қайта өңдеуді дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау мен өткізудің тиімді жүйесін құру жөніндегі тапсырмасы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ күнбағысты үшжақты форвардтық сатып алу жобасын жүзеге асыруда. Биыл 19,9 мың тонна күнбағыс тұқымын жеткізуге 1,6 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды. Бағдарламаға еліміздің төрт облысынан 19 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі қатысуда. Сондай-ақ жобаға өңдеу кәсіпорындары белсенді қосылды. Олардың қатарында Өскемен май зауыты, Қостанай облысынан «Промбаза 7» ЖШС, Ақмола облысынан «Blik Terminal» ЖШС мен «Шортамбай-2019» зауыты, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысынан «Масло-Дел» ЖШС бар.

Үшжақты өзара іс-қимыл қағидатының тиімділігі – фермерлер үшін өнім өсіруге жеңілдетілген қаржыландырудың берілуінде, қайта өңдеушілер үшін өндірістік қуаттардың тұрақты жүктелуінде, ал халық үшін әлеуметтік маңызы бар өнімге белгіленген бағамен қол жеткізуде.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтың айтуынша, бағдарлама әлеуметтік маңызын іс жүзінде дәлелдеді. Көктемде компания күнбағыс майын нарықтағы бағадан екі есе төмен бағада сатты, бұл халықты қолдауға мүмкіндік берді.

Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов мемлекет тарапынан қаржыландыру мен тұқымға келісімшарт көлемін ұлғайту қажет деп санайды. Себебі бұл дақылға ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұраныс бар.

«Биыл Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар және Абай облыстарында майлы дақылдардың егіс көлемі айтарлықтай артты. Алдағы екі жылда елімізде жылына 1,5 млн тонна өнімді қайта өңдеуге қуаты бар зауыттар іске қосылады. Қазіргі таңда нарықта шикізат тапшылығы байқалуда, біз оны толық игеруге кепілдік бере аламыз», — деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1056095?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді