Жамбыл облысының Шу ауданындағы диқандар суды жоспарланған көлемнен артық алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл суару кезеңі басталғалы бері Шу ауданының диқандары 120 млн текше метр су алды. Бұл – «Қазсушардың» жергілікті филиалымен жасасқан келісімшартта көрсетілген көлемнен 6,1 млн текше метрге артық.

Жалпы аудан бойынша 836 келісімшарт жасалып, Тасөткел су қоймасынан 113,9 млн текше метр су беру жоспарланған болатын. Бұл көлем 13 207 гектар егістік жерді суаруға арналған.

Қазіргі уақытта Шу ауданының шаруа қожалықтарына су жеткізу жалғасып жатыр. Жергілікті диқандар өнімдерін жинап, «Қазсушардың» Жамбыл филиалына атқарған жұмысы үшін алғыс білдіруде.

«Биыл 20 гектарға пияз ектім, су үздіксіз берілді. Қатты ыстыққа қарамастан, су тұрақты жеткізілді.«Қазсушар» қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері судан еш қиындық туындаған жоқ», – деді шаруа Асылхан Даданбаев.

«20 гектар жерге қарбыз ектім. Қыркүйекте өнім аламын деп отырмын. Жақында соңғы рет суарамын. Егістік алқабымыз ауылдың ең шетінде орналасқан. Соған қарамастан егістігімізге су жеткізіп беріп отырғаны үшін «Қазсушарға» және Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс айтамын. Олардың еңбегінің арқасында бізге су толық көлемде жетіп отыр», – деді диқан Науатбек Әділов.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасында 128,3 млн текше метр су бар. Бұл көлем вегетация кезеңін тұрақты өткізуге жеткілікті. Нысан жыл басында бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Су тапшылығының туындау қаупі жоқ, шаруалардың суға сұранысы толық көлемде қамтамасыз етіліп жатыр. Жоспарға сәйкес, қыркүйек айында Тасөткел су қоймасында су жинау жұмыстары басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1056205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді