Басқармаларға консультациялық көмек беру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аумақтық басқармалардың мамандарына мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету – Департаменттің функцияларының бірі болып табылады.

Осы мақсатта Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Б. Ақылбекова және персоналды басқару қызметінің басшысы А.К. Бейсенова Ақтоғай аудандық басқармасының ұжымымен кезекті кездесу өткізді.

Мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасы келтірілді.

Мемлекеттік қызметшілерге адалдық, ашық ой мен сенімділіктің жоғары стандарттарын сақтау қажеттігі туралы еске салынды.

Қолайлы моральдық-психологиялық атмосфера өнімділікті арттыруға, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді және мемлекеттік органдарда үйлесімді жұмысты қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1056318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді