
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға ым-ишара тілі маманының қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуде. Бұл өзгерістерде медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар үшін аталған қызметтерді онлайн форматта ұсыну көзделген. Ведомство басшысының тиісті бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, инфекциялық аурулар ым-ишара тілі маманының қызметтерін көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады, яғни бұл қызметтер мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз.
Бұйрық жобасында мұндай адамдардың ым-ишара тілі қызметтеріне қолжетімділігін сақтап қалуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу көзделген, бірақ тек онлайн режимінде.
Жобаның қабылдануы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бұйрық жобасына қатысты ақпарат «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 10 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1056376?lang=kk
Жауап қалдыру