
2025 жылғы 25 тамызда Астрахан ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, аудандық атқарушы органдар мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025-2026 жылдардағы егін жинау науқанын өткізуге дайындық барысы, сондай-ақ аграрлық салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері болды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы К.С. Қалабаев тақырып бойынша баяндама жасап, ауыл шаруашылығы құрылымдарының дайындық деңгейі, техникамен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ аграршыларға қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, кеңес аясында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысты ағымдағы мәселелер қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімі егін жинау науқанына дайындық аясында қойылған міндеттерді жедел және сапалы орындау үшін жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1056343?lang=kk
Жауап қалдыру