Еңбек ауылына жұмыс сапары: Жарлыкөл көлінің бөгетін нығайту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 тамызда Ақкөл ауданының Еңбек ауылына жұмыс сапары ұйымдастырылып, Жарлыкөл көлінің бөгетін нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.
Аталған жоба аудан елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Басты мақсат – инфрақұрылым сапасын арттыру, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи ресурстар мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау.
Мердігер ретінде «АЯН» жеке кәсіпкерлігі белгіленген. Қазіргі уақытта бөгетті нығайту бойынша топырақ төсеу және жағалауды бекіту сияқты кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Жарлыкөл көлінің бөгетін нығайту жобасы Еңбек ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды. Оның жүзеге асырылуы тасқын қаупін азайтуға, экологиялық жағдайды жақсартуға және ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aqqol/press/news/details/1056660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді