
📍Құрсай ш/а (мұсылман, христиан мазаратының маңы) Елімізде жалпыреспубликалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті. Аталған бастама аясында Тұран ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. 🤝 Іс-шараға аудан тұрғындары, коммуналдық қызметкерлер, балабақша мен мектеп ұжымдары, сондай-ақ Тұран ауданы әкімі аппаратының мамандары жұмыла атсалысты. ✅ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР: 🔹 Аумақтардағы қураған шөптер орылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. 🔹 Көшелердің жиегі мен арықтар бойы тазартылды 🔹 Қоқыстар жиналып, арнайы техника көмегімен сыртқа шығарылды 🔹 Жаяу жүргінші жолдары мен қоғамдық аумақтар санитарлық ретке келтірілді. 🌍 “Таза Қазақстан” — тек тазалық науқаны ғана емес, бұл — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ортақ жауапкершілікке үндеу. Табиғат — баршамызға ортақ, оны таза ұстау — әр азаматтың міндеті. 👏 Бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен барлық қатысушыларға үлкен алғыс!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1057241?lang=kk
Жауап қалдыру