САРЫАҒАШ: ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН МЕРЗІМІНДЕ ЖӘНЕ САПАЛЫ АЯҚТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған нысанда «АРАНШЫ» ЖШС мердігер мекемесі жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына 35 жұмысшы тартылған. Жөндеу кестеге сәйкес жүргізілуде. Мектеп ғимаратында ішкі әрлеу-сырлау, модульді әжетхана орнату, кәріз жүйесінің ішкі және сыртқы монтаж, блок қабырғаларын қаптау, думан және спорт залдарын әрлеу және сырлау, сонымен қатар электр шамдарын орнату, мектеп аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Бақылау барысында аудан басшысы аудандық білім бөліміне және мердігер мекемеге балалар білім алатын ғимаратта барлық жұмыстарды мерзімінде және сапалы түрде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1057296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді