
2025 жылғы 26 тамызда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» медициналық пункті қызметкерлеріне Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Чикунгунья вирусының алдын алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында вирустың таралу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды. Қызметкерлерге маса шағуынан қорғану, жолаушыларды ақпараттандыру, эпидемиологиялық сақтықты сақтау және күдік туындаған жағдайда дереу әрекет ету қажеттігі ескертілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен ұсынымдар таратылып, инфекцияның таралуын болдырмау бойынша нақты кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1057593?lang=kk
Жауап қалдыру