
Ақтау қаласында 16-шағын аудандағы инженерлік желілерінің құрылысы аяқталған автомобиль жолдарына құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай 16-шағын ауданның кейбір учаскелері уақытша жабылады.
Аталған жұмыстар тамыз айының 28-29 күндеріне жоспарланған. Басқа учаскелердегі жол құрылысы алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі қала тұрғындарынан уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністік танытуды сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1058905?lang=kk
Жауап қалдыру