Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы.

 

Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес  ауылдық  округ бойынша  6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  5. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  6. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

Сонымен қатар, төмендегі қызметтер бойынша өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырады;

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

            Ауылдық округ тұрғындарына қолайлы ахуал қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындарының «e–gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, өз уақытын үнемдеп, электронды түрде мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-zhalgyztobe/press/news/details/1058975?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді