
Сарыағаш қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 900 орындық жаңа білім беру мекемесінің құрылыс барысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей бақылауында. Аудан басшысы нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектеп ғимаратының толықтай дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Сарыағаш ауданындағы 900 орындық мына мектеп 1 қыркүйекте оқушыларды қабылдауға толық дайын. Білім ұясы қажетті барлық құралдармен жабдықталған.Мектепте түрлі үйірмелер мен тігін кабинеттері бар.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – еліміздің білім беру саласындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба аясында жаңа оқу орындары заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен ұстаздар үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Түркістан облысында биыл 16 «Келешек мектебі» қолданысқа беріледі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1059144?lang=kk
Жауап қалдыру