БҚОЖШ жедел топтарының Орал қаласындағы М.Маметова атындағы әуежай аумағында «Дабыл» жоспары аясында бөлек жаттығулары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу іс-шарасының тақырыбы әуежай мен әуе кемесінің аумағында кепілге алынғандарды басып алуға байланысты террористік сипаттағы дағдарыстық жағдайды локализациялау жөніндегі іс-әрекеттерді іс жүзінде әзірлеу (Дабыл арнайы жоспарын әзірлеу шеңберінде).
БҚОЖШ жедел топтарының жүргізілген бөлек жаттығу барысында мынадай міндеттер қойылды:
⦁ тартылған жедел топтардың терроризмге қарсы операцияны жүргізуге техникалық дайындық деңгейін бағалау (соның ішінде «Дабыл» жоспары шеңберінде);
⦁ жедел топтардың басшылары террористік сипаттағы қалыптасқан дағдарыстық жағдай кезінде шұғыл және тиімді шешімдер әзірлеу және қабылдаудағы практикалық дағдыларын арттыру;
⦁ тартылған жедел топтардың күштерінің және құралдарының жедел өзара іс-қимыл деңгейін бағалау;
⦁ жедел штабтың дайындық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау.
Жүргізілген оқу-жаттығулар «Дабыл» арнайы жоспары шеңберінде терроризмге қарсы операцияға қатысушылардың қадамдық әрекет алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берді. Ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимыл мәселелері (соның ішінде «МА «Орал» ЖШС) талданды. Сондай-ақ оқу-жаттығу шарасы дағдыларды игеруге және берілген күштер мен құралдардың жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал етті.

Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің мәліметтері негізінде дайындалған

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1059492?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді