«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Семей қаласы мәслихатының барлық депутаттары белсене атсалысып қатысып келеді. Ал бүгінгі күні арнайы осы игі шараны ұйымдастырып, балаларға көмек қолын созған – қалалық мәслихат депутаттары Айдын Садыков, Асқар Абдуллин, Жәнібек Кабдуллин, Мадина Еділбекова және Ақмарал Мұрат.
Оқушыларға спорттық форма, аяқ киім, сондай-ақ кеңсе тауарларымен жабдықталған сөмкелер табысталды.
Мұндай іс-шаралар балалардың жаңа оқу жылына даярлығын қамтамасыз етіп қана қоймай, білім алуда тең мүмкіндіктер жасауға да ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1059450?lang=kk

Жауап қалдыру