Атыраулық жастар ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған интеллектуалды сайысқа қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен зияткерлік додаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ҚР Конституциясының 30 жылдығын атап өту, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастардың ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сайыс барысында қатысушылар өздерінің білім деңгейін, ой-өрісін және тапсырмаларды орындау қабілетін сынақтан өткізді. Интеллектуалды сайыс 6 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылардың логикалық ойлауын, білімін және зейін шапшаңдығын бағалайтын түрлі тапсырмалар ұсынылды. Байқауға 5 адамнан құралған 15 топ қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген командалар қаржылай сыйақымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1059404?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді