БӘЙДІБЕК: АУДАНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛІП, БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🔹Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.
🔹Мәжіліс барысында күн тәртібіне енгізілген үш мәселе қаралды.
 
🔰Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің м.у.а. Нұрбол Хадырбаев 2025 жылдың 7 айындағы негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы жөнінде баяндама жасады.
 
📌Бақыт Қырғызалиев индикаторлардың жыл соңына дейін толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, көрсеткіштерді төмен орындаған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды жүктеді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөліміне қылмыстың алдын алу және азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту міндеттелді.
 
🔹Екінші мәселе бойынша Шаян ауылдық округінің әкімі Жамбыл Көрікбаев 7 айда атқарылған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды.
✔️Баяндама соңында округ аумағындағы тазалықты күшейту, көшелер мен қоғамдық орындардың қас келбетін ретке келтіру, көшет отырғызу және оларды суару жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін талапқа сай абаттандыруды жүктеді.
 
🔵Аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаевтың ұсынысы негізінде, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысшы топтың қызметін жандандыру, ауыл әкімдері мен комиссия мүшелеріне күнделікті рейдтік шараларды жүргізу тапсырылды.
 
🔸Үшінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Пернев жаңа оқу жылына дайындық барысы жөнінде баяндады. Бақыт Қырғызалиев білім беру нысандарының уақытылы реновациядан өтуін және Шаян елді мекенінде салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды міндеттеді. Сондай-ақ, мектептердің қысқы жылыту маусымына дайындығы ерекше назарға алынды.
 
🔸Күн тәртібінен тыс «Таза Қазақстан» акциясының орындалу барысы да қаралды. Ауылдық округтердегі санитарлық тазалықтың кемшіліктері талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
 
🔷Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1059193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді