
Наурызбай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шара Төле би көшесінде — Алатау даңғылынан Медеубеков көшесіне дейінгі аралықта ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан белсенділері мен коммуналдық қызметкерлерден құралған 100-ден астам адам қатысты.
Жұмыс барысында:
• 180 м³ қоқыс шығарылды;
• 15 арнайы техника жұмылдырылды;
• көшелер мен тротуарлар тазартылып, жуылды;
• шөп шабылып, арық жүйелері тазартылды.
Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, ауданымызды таза әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1059041?lang=kk

Жауап қалдыру