Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы 2 жүлдемен толықты.
Жасөспірімдер арасында 50 метрден жатып оқ атуда отандасымыз Олег Носков жеңімпаз атанды.
Жекелей сынның жүлдегерлері:
1. Олег Носков (Қазақстан) – 624.1 ұпай
2. Эрхембаяр Батбаяр (Моңғолия) – 622.6 ұпай
3. Ким Тэгён (Оңтүстік Корея) – 618.3 ұпай
Ал командалық сайыста Қазақстан құрамасы 2-орыннан көрінді. Біздің жүлде алған мергендер – Олег Носков, Дмитрий Ким, Ринат Казаченко.
Командалар нәтижесі:
1. Үндістан құрамасы – 1844.3 ұпай
2. Қазақстан – 1843.4 ұпай
3. Оңтүстік Корея – 1840 ұпай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1058693?lang=kk

Жауап қалдыру