КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ: Ұлттық жобасы аясында салынған мектепте баспасөз туры өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы жоба аясында алғаш салынған мектептердің бірі – №7 орта мектебінде «Ашық есік күні» өткізілді. Сарыкемер ауылында орналасқан бұл заманауи мектеп 600 оқушыға арналған. 2024 жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілген білім ошағында бүгінде 72 педагог қызмет етеді. Мұнда 796 оқушы білім алуда. Даярлық топтары – 48 оқушы, 1-4 сынып – 296 оқушы, 5-11 сынып – 500 оқушыны құрайды. Жаңа мектептің материалдық- техникалық базасы қазіргі талаптарға толықтай сай. Мұнда 35 оқу кабинеті, 132 орындық мәжіліс залы, 176 орындық асхана, әртүрлі көлемдегі екі спорт залы, STEM, студия, екі лингафон кабинеті, сондай-ақ химия, физика және биология пәндеріне арналған зертханалар жабдықталған. Бұдан бөлек, 16 орындық оқу залы бар кітапхана, екі компьютер кабинеті және ұлдар мен қыздарға арналған арнайы шеберханалар бар. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау , жеделсаты және турникет орнатылған. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі берілген. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалынған.
Ашық есік күніне ата-аналар, қонақтар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, мектептің мүмкіндіктерімен танысты. Қонақтар оқушылардың оқу жетістіктері мен шығармашылық жұмыстарымен таныс болды.
Айта кетейік, «Келешек мектептері» ұлттық жобасының басты мақсаты – үш ауысымды оқытуды жою, апатты мектептердің мәселесін шешу және балалардың сапалы білім алуына қолайлы, қауіпсіз жағдай жасау болып табылады.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1058648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді