
Бүгін Боғас бекетіндегі бесінші жол құрылысы бөлімшесінде облыстық мәслихат депутаты, аудандық Аманат партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Нүрпеисовтің төрағалығымен Қалбатау-Майқапшағай жол құрылысы бойынша көшпелі жиын өтті. Жиынға Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов, Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев,Абай облысы Қазавтожол мекеме басшысының орынбасары А.Ескенов, ШҚО Қазавтожол кураторы С.Нурхан, техникалық қадағалаушы А.Хорошев,авторлық қадағалаушылар Н.Канапиянов, Б.Ахметжанов және мердігер қытайлық Синь-Синь компаниясының өкілдері қатысты. Абай облысы бойынша 22 км жолды, ШҚО бойынша 12 км жолды асфальттау қалды. Жол құрылысында 486 техника, 653 жұмысшы жұмыс атқаруда. Мердігер Қарой-Боғас аралығын қыркүйек айының соңында асфальтпен жүруге қолданысқа беріледі деген сенім білдірді. Байбура-Көкпекті аралығы және басқа да айналма жолдады қазан айының соңында қолданысқа беру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1058612?lang=kk

Жауап қалдыру