Біржан Сал ауданы прокуратурасымен түсіндіру іс-шаралары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Степняк қаласында Біржан сал ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциясының    30-жылдығын мерекелеу қарсаңында аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерімен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізді.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындарға азаматтардың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттері жеткізілді.

Сонымен қатар, алаяқтықтың жалпы түрлері, оның ішінде жалған несие беру, фишингтік сайттар арқылы ұрлық, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстыратын алаяқтардың әрекеті және тағы басқа мысалдар түсіндірілді.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін азаматтарға осындай жағдайларда хабарласуға болатын уәкілетті мемлекеттік органдардың телефон нөмірлері жазылған брошюралар таратылды.

Прокуратураның құқық бұзушылық профилактикасы және оның жолын кесуге бағытталған жұмысы тұрақты негізде ұйымдастырылған және жалғасын табады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1058600?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді