Ауқымды акция: қауіпсіз терезе және ата-аналарға кеңестер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығын атап өту аясында республика бойынша «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты – ата-аналардың балалар қауіпсіздігіне назарын аудару және жазатайым жағдайлардың алдын алу.  

Акция аясында көпбалалы отбасылар мен жоғарғы қабаттағы пәтерлерге арнайы терезе блокираторлары орнатылуда. Мұндай құрылғылар балалардың құлап кету қаупін азайтып, қосымша қорғаныс шарасы болып саналады. Ұлытау облысында қазіргі таңда 270 терезе блокираторы орнатылды. Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың және қорғаныс құрылғыларын уақытылы орнатудың маңыздылығын түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1058565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді