Талдықорғанда Жансүгіров көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс орталғы Талдықорған қаласының Жансүгіров көшесінің шығыс бөлігі яғни Қаратал өзеніндегі көпірден бастап, С.Нұрмағанбетов көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 1,4 шақырым болатын жол учаскесінде асфальт жабындысы мен бордюрлері жаңартылмақ.

Жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, 2025 жылы қалада жалпы ұзындығы 22,2 шақырымды құрайтын 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1058551?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді