Жұмыс кездесуі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша ШҚО адвокаттар алқасының адвокаттарымен, ШҚО бойынша заң консультанттары палатасының  заң консультанттарымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Жұмыс кездесуі барысында «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін техникалық сүйемелдеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында адвокаттар мен заң консультанттары тарапынан құқықтық кеңес көрсету мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1058432?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді