
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1093 қолдау кабинеті жұмыс істейді.
Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 270 ППТК және 110 ПМПК ашылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1058400?lang=kk
Жауап қалдыру