
Қажымұқан ауыл округі тұрғындарымен кездесу өтті
Ауыл халқын негізінен жолдардың сапасы, көше жарығының жетіспеушілігі, малға жайылым жердің тапшылығы, балаларға арналған ойын алаңдарының жоқтығы секілді мәселелер толғандыратыны байқалды. Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі ауылдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты болды.
Депутаттар тұрғындардың әрбір сұрағына мұқият назар аударып, мүмкіндігінше нақты жауаптар берді. Жиында көтерілген мәселелердің кейбірі кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқаны айтылса, енді бірқатары алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың қарауына ұсынылатыны хабарланды.
Халық қалаулылары өз кезегінде көтерілген түйткілдерді назардан тыс қалдырмай, оларды шешу жолдарын қарастырып, тиісті орындарға депутаттық сауал жолдайтындарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/959863?lang=kk

Жауап қалдыру