2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. 

Сессияда аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттерінің нақтылауы бойынша мәселесін депутаттар талқылады. 

Күн тәртібіндегі Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы 7-2  “Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айықындаудың қағидаларын бекіту туралы” мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова баяндады. Депутаттар тиісті шешім қабылдады. 

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 11 бабына сәйкес, депутаттар сессиясының жұмысында 15 күннен аспайтын үзіліс жасауға шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/960050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді