
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi наурыз мерекесіне орай, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын жастар арасында кеңінен насихаттау. Оған қоса, Әр отбасының ұйытқысы болған жас келіндердің бойындағы ақылдылық пен парасаттылықты, инабаттылық пен ізеттілікті өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету мақсатында «Әдепті келін- әулеттің көркі» атты жас келіндер арасында байқау өтті.
Аталған байқауға ауданға қарасты ауылдық округтер келген 10 жас келін қатысты. Жас келіндер «Келіннің бір күні», «Өнерлінің өрісі кең», «Ақылды келін – алтын босаға» тақырыптары бойынша сынға түсті. Байқауды аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрғали Отаров сөз алып, қатысуышларды наурыз мерекесімен құттықтап, келіндерге сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесінде білікті мамандардан құралған қазылар алқасының шешімімен І орынды Қызылжар ауылдық округінен келген жас келін Гүлбаршын Әбден, ІІ орынды Тегісшіл ауылдық округінің келіні Гүлжайна Қозыбай, ІІІ орынды жылғалық келін Айгүл Тоғызбаева иемденді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушылар «Ақылды келін», «Блогер келін», «Ибалы келін», «Тапқыр келін», «Өнерлі келін», «Көрікті келін», «Тапқыр келін» номинацияларымен марапатталды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/960069?lang=kk
Жауап қалдыру