НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.
Отырысқа штаб мүшелерімен қатар ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен салаға қатысты мекеме өкілдері қатысты. Күн тәртібінде нашақорлықтың алдын алу, келе жатқан оқу жылында мектептер мен оқу орындарында профилактикалық іс-шараларды, түсіндірме жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды.
Жиын барысында штаб төрағасының орынбасары Түркістан облыстық Полиция департаменті Сауран аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Алибек Нурдаулет Оспанұлы жетекшілік етіп аудандағы ахуалға қатысты нақты деректерді ортаға салып, нашақорлыққа қатысты тіркелген құқықбұзушылықтар, олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен туындап отырған мәселелер бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.
Штаб төрағасының орынбасары Алибек Нурдаулет Оспанұлы отырысты қорытындылай келе, барлық ұсыныс-пікірлерді назарға алып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті органдарға нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресу жолында атқарылатын жұмыстарды күшейту жөнінде өз ұсыныс пікірін білдірді.
 
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1058181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді