ЖОСПАР БОЙЫНША

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қр-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша  өкілі полиция учаскелеріне жоспарлы тексеру жүргізді. Амангелді Абдолов Вокзал маңы-5 ш/а орналасқан №3 және Балықшы ш/а орналасқан №7 учаскелік полиция пункттерінде болды.

Аға учаскелік инспектор, полиция майоры Ерден Әлиевтің айтуынша, Участке аумағы Вокзал маңы -5, ш / а.Мұнайшы шағын ауданды, Ескі паром, Махамбет көшесінің сол және оң жағы, Ардагер ш/а және Огородный ш/а қамтиды. Жалпы халық саны 20000-нан асады. Пробация қызметінің есебінде 50 адам бар.

Учаскелік штат толық және 7 бірліктен тұрады.

№7 учаскелік пунктке толығымен Балықшы ш/а аумағы жатады. Халық саны 11000 адам. Пробация қызметінің есебінде 27 адам, сондай-ақ полиция пунктіне қарасты 12 кәмелетке толмаған  бала есепке алынған. Аға учаскелік инспектор –  полиция майоры Азамат Сапаров. Штатта төрт қызметкер бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1071422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді