
17-18 қыркүйекте Қазақстан астанасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өтті.
Съезд жұмысына әлемнің 60 елінен 100-ден астам делегация қатысты. Олардың қатарында әлемдік діндердің рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері бар.
Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ үшін синергия». Съезд бағдарламасы аясында секциялық отырыстар өткізілді, онда жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер қаралды.
Съезд тарихында алғаш рет Астанаға Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл, Әл-Азхар Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед әл-Дайни және Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса келді, оның қатысуы іс-шараға ерекше мән берді.
Съезд аясында «Жастар бейбіт қатар өмір сүргені үшін: болашақ үшін синергия» тақырыбында жас діни лидерлердің II форумы, сондай-ақ «Бүгінгі мәдениетаралық және дінаралық диалог» атты сараптамалық дөңгелек үстел өтті.
VIII Съез жұмыстың басым бағыттары белгіленген қорытынды Декларацияны қабылдаумен аяқталды. VIII съездің Декларациясы рухани көшбасшылардың пікірлерінің жиынтығы ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастыққа бағытталған стратегиялық құжат болды. Оның мақсаты-жаһандық мәселелерге назар аудару және халықтар арасындағы бейбітшілікті, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/1071417?lang=kk

Жауап қалдыру